Жапонияда аптап ыстық салдарынан 300-ден астам адам ауруханаға түсті

Жапонияда аптап ыстық салдарынан 300-ден астам адам ауруханаға түсті. Елдің кейбір аймағында ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Бұл – Жапонияда маусым айы үшін рекордтық көрсеткіш.

Азаматтардың көбінде күн өту, қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстау, бас ауру сияқты белгілер пайда болған. Күннің ыстығынан ауа баптағыштарын қолданушылар саны артқандықтан, электр желісіне күш түсіп, кей аудандарда жарық сөніп қалған. Сондықтан ел үкіметі тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырды. Синоптиктердің хабарлауынша, елдегі жоғары ауа температурасы шілдеге дейін сақталады.

Понедельник, 27 июня 2022, 19:52

Соңғы шығарылымдар