Қуат көзі тапшылығын атом электр станциясын салу арқылы шешуге болатынын айтқан Президент Тоқаев барлық тәуекелді ескеріп, жіті зерттеуді тапсырған еді. Энергетика министрігі елімізде АЭС салуы мүмкін деген компаниялардың тізімін жариялады. Оның құрамына әлемдік 6 мердігер: АҚШ, Жапония, Корея, Қытай, Франция компаниялары және Ресейдің Росатомы еніп отыр.
Нұр-Сұлтанда осыдан 10 жыл бұрын үлескерлердің қаржысына салына бастаған көпқабатты үй әлі қолданысқа берілмеген. Жиған-тергенін құрылыс компаниясына санап берген халық жартылай тұрғызылған баспананы паналауға мәжбүр. Ал құрылыс компаниясы болса, құрылысты толық аяқтауға ақшамыз жетпейді, әкімдік көмектессін деп отыр. Елорда төрінде тұрғанымен, су мен жарық күнара өшетін көпқабатты үй жағдайын әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай көріп қайтты.
Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық қос студенттің денесі әлі табылған жоқ. Ақсу шатқалындағы өзенге барған олардың мәйіті кешеден бері іздестірілуде.
21 жастағы екі жігіт Шымкенттегі медицина академиясының 1- курс студенттері екен. Шатқалға 21 адам болып барған. Қазақстанға Үндістаннан келіп оқып жатқан азаматтар туралы оқу ордасы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Понедельник, 27 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.