11 адам босап шықты: Шымкенттегі кеніштен алтын ұрлады деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Шымкенттегі кеніштен алтын ұрлады деп айыпталғандарға сот үкімі шықты. Іске қатысы бар 14 адамның 11-і сот залынан босап шықты. Қалған үшеуі 8 жылға сотталды. Олардың ішінде түркиялық азамат та бар. Ал босап шыққан 11 адамнан трансұлттық қылмыстық топ құрды деген айып алынып тасталып, контрабандаға қатысы бары дәлелденген. Алайда олардың біразы жазасын уақытша ұстау изоляторында өтеп, енді бірі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен.

Сейсенбі, 28 Маусым 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар