Ресей мен Украина соғысы басталғалы санкция қысымынан қашқан шетелдік компаниялар Қазақстанға үдере көшуде. Әсіресе ресейліктердің үлесі басым. Мамыр айында еліміздегі шетелдік компаниялар саны 12,7 пайызға артып, жыл басынан бері 25 мыңға көбейген. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жыл басынан бері елімізде 1566 ресейлік компания ашылса, Түркияның 110, Қытайдың 91 фирмасы іске осылған. ТОП-5 қатарында Өзбекстан мен ахуалы әупірімдеп тұрған Беларусь те бар.
Вторник, 28 июня 2022, 20:06
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.