Қазақстанда жыл басынан бері ресейлік 1600 компания ашылған

Ресей мен Украина соғысы басталғалы санкция қысымынан қашқан шетелдік компаниялар Қазақстанға үдере көшуде. Әсіресе ресейліктердің үлесі басым. Мамыр айында еліміздегі шетелдік компаниялар саны 12,7 пайызға артып, жыл басынан бері 25 мыңға көбейген. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жыл басынан бері елімізде 1566 ресейлік компания ашылса, Түркияның 110, Қытайдың 91 фирмасы іске осылған. ТОП-5 қатарында Өзбекстан мен ахуалы әупірімдеп тұрған Беларусь те бар.

Сейсенбі, 28 Маусым 2022, 20:06

Соңғы шығарылымдар