Қаңтар оқиғасында 232 адам қаза болды. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев осылай деді. Сондай-ақ Шындалиев 6 адамның азапталып көз жұмғанын және оларға күш қолданып, азаптаған полицейлер мен қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің де үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқанын жеткізді.
Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі 20 шілдеге дейін ұзарды. Экс-министр 20 ақпанда тұтқындалып, 2 айға уақытша ұстау изоляторына қамалғанын еске салып өтеміз. Ол «Қаңтар оқиғасы» кезінде әрекетсіз, қол қусырып отырды деп айыпталды.
Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Софиевка ауылының тұрғындары жайылым жер жоқ деп бас көтерді. Әкімдік 3,5 мың халқы бар елді мекенге тиесілі 325 гектар жерді саяжай үшін жекешелендіріп бермек. Малмен күнелтіп отырған халық төрт түлікті жаятын жер мүлде қалмады деп отыр. Наразы жұрттың уәжіне шенеуніктер не деп жауап берді? Ауылдағы ағайынмен тілдесіп қайтқан әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай әрі қарай сабақтасын.
Среда, 29 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.