«РОП операторының» құрылтайшысы болған Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланды

Утилизация алымын жинаумен айналысқан «РОП операторының» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бүгін ұйымның құрылтайшысы болған Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланғаны белгілі болды.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі күдікті Мұқтарованың қайда екенін айтқан адамға 4000 АЕК немесе 1 млн 225 мың теңге сыйақы береміз деп отыр. Ол 2017-2018 жылдары аралығында утиль алымынан жиналған 920 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді. Сот оған қатысты қамауда ұстау туралы бұлтартпас шарасын тағайындаған.

Бейсенбі, 30 Маусым 2022, 19:57

Соңғы шығарылымдар