Ақтөбеде сотталғандар 3 ай жалақы алмаған: прокуратура тексеріс бастады

Ақтөбеде соталғандарға 3 ай бойы жалақы берілмей келген. Берешек сомасы бес миллионнан асады. Прокуратураның араласуынан кейін сотталған 132 азаматтың айлығы жеке шоттарына түскен.

Темір торға тоғытылғандар айына 30-70 мың теңге көлемінде айлық алады. Бас бостындығынан айырылған азаматтардың темір тордың ар жағында киім тігу, ағаш ою және құрастыру цехтерінде жұмыс істейтінін естеріңізге салып өтеміз. Еңбекақысын уақытылы бермегендерге прокуратура «тиісті жазасын береміз» дейді.

Четверг, 30 июня 2022, 19:58

Соңғы шығарылымдар