Короновирус жұқтыру белең алып жатқандықтан карантиндік шектеулер қайтадан күшейтіліп, маска тағу режимі енгізілуі мүмкін. Бұл турасында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Соңғы күні елімізде 137 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус жұқтыру бойынша сары аймаққа жақындап келеді. Тоғжановтың айтуынша, негізгі мәселе — вакцинация. «Бұл тұрғыда маска тағу талаптары мен өзге де шектеулер қайтадан күшіне енуі ықтимал»,- деді вице-премьер.
Четверг, 30 июня 2022, 20:04
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.