АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 30.06.2022

Утилизация алымын жинаумен айналысқан «РОП операторының» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бүгін ұйымның құрылтайшысы болған Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланғаны белгілі болды.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі күдікті Мұқтарованың қайда екенін айтқан адамға 4000 АЕК немесе 1 млн 225 мың теңге сыйақы береміз деп отыр. Ол 2017-2018 жылдары аралығында утиль алымынан жиналған 920 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді. Сот оған қатысты қамауда ұстау туралы бұлтартпас шарасын тағайындаған.

Қазақстандық жауынгерлер бітімгерлік миссиясымен Африка елдеріне барады. Мұны депутаттар бүгін Парламенттің бірлескен отырысында мақұлдады. Қазақстан әскері бітімгергішілік күште  қандай қызметтер атқарады? Ертеңнен бастап демалысқа кететін депутаттардың жоспары қандай? Әріптесіміз Айбек Қосан Парламент сессиясының соңғы отырысына қатысып қайтқан еді.

Экс-министр Елжан Біртановтың сотты ауыстыру жөнінде сұрауына осымен төртінші рет орындалмады. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің адвокаттары: «Сот Ибрагим Әлкенов екінші тараптың мүддесін қорғауда, әділ шешім шағыратынына күмән келтіреміз»,- деп арызданған еді. Бұдан кейін қос тарап ұзақ сөз таластырып, заң өкілі сотты ауыстыруға негіз жоқ  деп қысқа қайырды. Айыпталушы тараптың айтуынша, сағызша созылып кеткен қылмыстық істің жүзден астам бабы әлі толық зерттелмеген.

Бейсенбі, 30 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар