Тоқаев АЭС салуда Түркия тәжірибесін жіті зерттеуді тапсырды

Атом электр станциясын салуда Қазақстан Түркия тәжірибесін жіті зерттеуі керек. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, атом энергетикасы жылдық көміртек қалдығын шамамен 2 млрд тоннаға дейін азайтады. Ал бұл 400 млн автокөліктен шығатын зиянды газға тең. Бүгінде әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар және тағы 20 мемлекет АЭС салуды көздеп отыр. Тоқаев бұл ретте мамандар дайындаудың маңыздылығына да тоқталды.

Жұма, 01 Шілде 2022, 19:38

Соңғы шығарылымдар