Әкімшілік әділет институты құрылғалы кәсіпкерлердің мүддесі қорғала бастады

Кәсіпкерлердің мүддесі қорғала бастады. Бұған еліміздегі Әкімшілік әділет институтының құрылуы себеп болған. Мәселен, осыдан бір жыл бұрын мемлекет пен бизнес арасындағы даулардың 85 пайызы шенеуніктер есебіне шешіліп келген. Бүгінде бизнес өкілдері мен билік арасындағы сотқа жеткен істердің 50 пайызы кәсіпкерлерді ақтап шыққан. Бизнес иелері көбіне мемлекетпен жер үшін таласып, салық төлемеу ісі бойынша келісе алмайды екен.

Пятница, 01 июля 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар