АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 01.07.2022

Қазақсанда бір жыл ішінде бәріне баға қымбаттады. Нарықты зерттеген сарапшылардың есебі осындай. Биыл жылдық инфляция 14,5 пайызға, ал айлық көрсеткіш 1,6 пайызға өскен. Азық-түлік 19 пайызға, өзге тауарлардың бағасы 13%, ақылы қызмет түрлері 9% шарықтаған.

Атом электр станциясын салуда Қазақстан Түркия тәжірибесін жіті зерттеуі керек. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, атом энергетикасы жылдық көміртек қалдығын шамамен 2 млрд тоннаға дейін азайтады. Ал бұл 400 млн автокөліктен шығатын зиянды газға тең. Бүгінде әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар және тағы 20 мемлекет АЭС салуды көздеп отыр. Тоқаев бұл ретте мамандар дайындаудың маңыздылығына да тоқталды.

«Жарылыстардың кесірінен жайылым жеріміз өртеніп кетті». Осылай деген Байзақ ауданының шопандары әскерилер мен әкімдікті кінәлайды. Айтуларынша, қару қалдықтарын жою жұмыстары жиілеп, қызыл жалын қыстық қорға арналған жайылымды жайпап кеткен.  2 мың гектар алқаптың отқа орануны кім кінәлі?  Данияр Әлімқұл толықтырады.

Жұма, 01 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар