Нұр-Сұлтанда құрылысы әлі жүріп жатқан жаңа мектепте балаларға орын жоқ. Жағалау ықшам ауданында қыркүйек айында қолданысқа берілетін «Binom» орта мектебіне құжат қабылдау бүгін таңғы сағат 9-дан басталған. Алайда 5 минуттан кейін онлайн жүйе мектепте орын жоқ деп, өтініштерді қабылдамай қойыпты. Баласын мектепке орналастыра алмаған 500-ге жуық ата-ана енді мектеп босағасын күзетуге мәжбүр. Толығырақ әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай сабақтасын.
Понедельник, 04 июля 2022, 19:46
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.