Былтыр Қазақстанда атмосфераға 2,4 млн тонна зиянды қалдық шығарылған

Былтыр еліміздегі кәсіпорындар мен барлық стационарлық көзден шығарылған зиянды қалдық 34 млн тонна. Оның 93 пайызы заманауи технология мен фильтрлер көмегімен жойылған. Осылайша ауаға 2,4 млн тонна зиянды газ таралған. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға аз. Атмосфераға таралған бүкіл қажетсіз қалдықтың жартысынан көбі Павлодар мен Қарағандыға тиесілі.

Дүйсенбі, 04 Шілде 2022, 19:52

Соңғы шығарылымдар