11,5 млн теңге шығын: Түркістанда заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған  браконьерлер ұсталды. 7 күдіктінің үшеуі қамауға алынды. Ал қалғаны ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйлеріне жіберілген.

Полицейлердің айтуынша, браконьерлер «инспекторлар» жоқ кезде Шардара, Көксарай су қоймаларына ау салған. Тінту барысында қоймадан 1,5 тонна балық табылыпты. Жалпы келген шығын 11 млн теңгеден асады. Қазір бұл іске қатысты балықты заңсыз өндіру бабы бойынша тергеу басталды.

Дүйсенбі, 04 Шілде 2022, 19:51

Соңғы шығарылымдар