Ресей күштері Украинаның Лисичанск қаласын басып алды 

Ресей күштері Украинаның Лисичанск қаласын басып алды. 5 ай қақтығыстан соң Украина сарбаздары шегінуге мәжбүр болған. Ресей армиясы Северский Донец өзенінен өтіп, Золотаровка елді мекенін бақылауына алды. Славянск қаласында да атыс жалғасып, 6 адам мерт болды. Оның біреуі – бала. Жалпы Украина билігінің дерегінше, соғыс басталғалы Ресей 36 мыңнан астам сарбазынан айрылған. Алайда Мәскеу опат болғандардың санын әлі айтпай отыр. Украина Бас прокуратурасының дерегінше, елде қақтығыстардан 980-нен астам бала зардап шеккен. Олардың 345-і көз жұмды.

Дүйсенбі, 04 Шілде 2022, 19:47

Соңғы шығарылымдар