Алакөлде алапат өрт болып, 4 демалыс орны жанып кетті. Секундына 10 метр жылдамдықпен соққан жел өртті одан сайын өршітіп, жалын ағаш үйлерді лезде шарпыған. Демалушылар қонақ үйден қашып шыққан. Кейбірі қызыл жалынмен таңға дейін арпалысқан. Өрттің тұтануына не себеп? Жапа шеккендер бар ма? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтады.
Шымкентте 170 жолаушы бір тәулікке жуық уақыт ұша алмай, әуежайда түнеп жатыр. Нұр-Сұлтан мен Ақтауға жете алмай, жарты жолда қалғандар әуе компаниясы ешқандай жағдай жасамады деп наразы. Ал FlyArystan компаниясының өкілдері не дейді? Назерке Үкібасова әуежайда қалған жұрттың жағдайын біліп қайтты.
Жамбылда диқандар тағы дау шығарды. Сарысу ауданында су сұраған шаруалар арықты жөндеуге бөлінген ақша ауаға кетті дейді. Айтуларынша, 6 жыл бұрын Сарыөзек каналын жөндеу жұмысына 85 млн теңге бөлінген. Бірақ талапқа сай жөнделмепті. Соның кесірінен тіршілік нәрі 400 гектар алқапқа жетпей жатыр. Данияр Әлімқұл диқандар талабын тыңдады.
Вторник, 05 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.