Қарағанды облысына қарасты Жарлы ауылының тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Елді-мекен халқы төрт түлігін небәрі 5 шақырым аумаққа жаюға мәжбүр. Ал кейбірі малдарын амалсыздан қораға қамап қойғанын айтады. Бұқараның сөзінше, жергілікті билік ауыл маңындағы жер телімінің бәрін шаруа қожалықтарына беріп тастаған. Жарлы ауылында қазір ірілі-ұсағын қоса есептегенде 1500-ден астам мал бар. Ауылдағы ағайын табындық жерді былай қойғанда, шабындық жер де қалмады деп ашынып отыр.
Четверг, 07 июля 2022, 19:33
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.