Қарағанды облысының тұрғындары жайылымға жер таппай отыр

Қарағанды облысына қарасты Жарлы ауылының тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр.  Елді-мекен халқы төрт түлігін небәрі 5 шақырым аумаққа жаюға мәжбүр. Ал кейбірі малдарын амалсыздан қораға қамап қойғанын айтады. Бұқараның сөзінше, жергілікті билік ауыл  маңындағы жер телімінің бәрін шаруа қожалықтарына беріп тастаған. Жарлы ауылында  қазір ірілі-ұсағын қоса есептегенде  1500-ден астам мал бар. Ауылдағы ағайын табындық  жерді  былай қойғанда, шабындық жер де қалмады деп ашынып отыр.

Бейсенбі, 07 Шілде 2022, 19:33

Соңғы шығарылымдар