Өзбекстанға Ауғанстан аумағынан 5 снаряд ұшырылды

«Талибан» үкіметі Өзбекстанды снарядпен атқылағандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы ұйымның өкілі Забиулла Мұджахид хабарлады. Айта кетейік, 5 шілдеде Өзбекстанның Термез қаласына Ауғанстан аумағынан жіберілген 5 жарылғыш зат түскен еді. Снарядтар құлаған кезде жарылмағандықтан, зардап шеккендер болмады. Бұл оқиға елді дүр сілкіндірген Қарақалпақстандағы дүрбелеңнің артынша орын алды.

Бейсенбі, 07 Шілде 2022, 19:36

Соңғы шығарылымдар