Каспий мұнай консорциуымы тағы бір айға жұмысын тоқтатты. Мұндай қадам Қазақстан экономикасына едәуір соққы беруі мүмкін. Экономистер осылай деп дабыл қағып отыр. Демалысқа қарамай жиын өткізген Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті нендей шешім шығарды? Елде газ тапшылығы туындап, жанармай қымбаттауы мүмкін бе? Әріптесіміз Айғаным Достанбай айтады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы толықтай жаңғыртылатын болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде өткен кеңесте айтты. Президент еліміздің Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалу керектігін жеткізді. Осы ретте Достық — Мойынты, Бақты — Аягөз, Мақтаарал — Дарбаза жобаларын жүзеге асырып, Алматы қаласын айналып өтетін шойын жол желісін салу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ теміржол паркінінің жұмысын жандандырып, жолдарға күрделі жөндеу жүргізуді тапсырды.
Бүгін қасиетті Мекке қаласында қажылықтың алғашқы күні басталды. Бес парыздың бірін орындауға пандемиядан кейін алғаш рет 1 миллиондай шетелдік мұсылман барған.
Олар үшін Сауд Арабиясы биыл біраз шектеулерді жеңілдетті. Вакцина алып, тест тапсырғандықтан құлшылыққа жиналғандарға бетпердесіз жүруге рұқсат. Қағба тасын айналғанда да ара-қашықтықты сақтау міндетті емес. Елімізден Мекке мен Мединаға 4 мыңдай адам аттанған. Оларға отандық 14 қажылық компания қызмет көрсетуде.
Четверг, 07 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.