Елордада Мемлекеттік күзет қызметінің әскері мерт болды. «Айбын» президенттік полкте келісім-шарт бойынша қызметте жүрген 21 жастағы Дархан Мәлік өз қаруласының қолынан қаза тапты. Оқиға полигондағы оқу-жаттығу кезінде болған. Марқұмның жақындары бұл істе «бір гәп» бар деп күдіктенеді. Оқиға орнынан бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай мән-жайды айтып берсін.
Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Бір Шымкенттің өзінде арам пиғылдылар тұрғындарды алдап-соғып, 100 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Полицияға арызданушылар саны да, соңғы тиынынан айырылғандардың қарасы да көбейген. «Аңқау елге арамза молда» атанғандарға жұрт қалайша сеніп қалады? Психологтар не дейді? Назерке Үкібасова білді.
Азық-түлік бағасын қымбаттатпау үшін бөлінген млрдтар желге ұшқан. Жемқорлықтың ізі болуы, бек мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов осылай деді. Азық-түлік құнын тұрақтандыру үшін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына 40 млрд теңге бөлінген. Бектеновтың айтуынша, бағаны ұстап тұруға бөлінген қыруар қаржы белгісіз компанияларға жөн-жосықсыз берілген. Ал оның қаншалықты мақсатты жұмсалғанын ешкім бақыламаған.
Пятница, 08 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.