Қарағандыда опат болған кеншілерге ескерткіш қойылды

Қарағанды облысында осыдан 8 ай бұрын Абай шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіш тақтасына қайтыс болғандардың аты-жөні жазылмаған. Естеріңізге сала кетейік,  апаттан көз жұмған 6 бірдей кеншіні жерлеу рәсімінен кейін  «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы марқұмдардың есімін мәңгіге қалдыру туралы жақындарына уәде берген еді. Алайда кеншілердің жақындары ескерткіштің ашылу салтанатынан бейхабармыз дейді. Атаусыз құлыптас Абай қаласының орталығында орналасқан. Марқұмдардың туыстары мұны шахтерлер қаза болған жерге қойғанды жөн санайды.

Дүйсенбі, 11 Шілде 2022, 19:38

Соңғы шығарылымдар