АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 11.07.2022

Шымкентте полиция тергеуінде ажал құшқан Нұрболат Жұмабаев ісі бойынша сот басталды. Оны өлтірді деген күдікке құзырлы органның бұрынғы 4 қызметкері іліккен. Ал марқұмның ата-анасы кінәлілердің одан да көп екеніне сенімді. Назерке Үкібасова толығырақ тарқатады.

Қарағанды облысына қарасты «Сенакосное» ауылы су астында қалды. Толасыз жауған нөсерден  21 үйді су шайып, тұрғындар әбігерге түсті. Баспананы басқан қызыл судың деңгейі 40 сантиметрге дейін көтерілген.

Интернет-алаяқтар өзін «банк қызметкері» ретінде таныстыруын қойып, енді полиция атынан хабарласып жүр. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, соңғы жарты жылда екі жарым мыңға жуық адам алаяқтардың кесірінен онлайн-несие рәсімдеудің құрбаны болған. Халық неге алаяқтарға сенгіш келеді? Әккі қылмыскерлерге тосқауыл бар ма? Айя Мүтәлі анықтап көрді.

Дүйсенбі, 11 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар