Баян Мақсатқызының экс-күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. Сот Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Есентаев бір ай бұрын Баян Алагөзоваға хабарласып, бостандыққа шығуына мүмкіндік беретін қолхат жаздыртып алған. 55 жастағы Бақытбек Есентаев адам өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол бұл қылмысы үшін 6 жылдан астам өмірін түрмеде өткізді.

Сейсенбі, 12 Шілде 2022, 19:30

Соңғы шығарылымдар