Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың соты енді жабық өтеді. Атышулы істі қараған судья бұдай былай сот процесінен аудио, видео және фото таратуға мүлдем тыйым салды. Онлайн-процесті де бейнетаспаға жазуға болмайды. Сарыарқа аудандық соты бүгінгі отырысқа қатысқан журналистердің де ұялы телефондарын түгел сыпырып алды. Судья Ибрагим Әлкенов бұл шешімін бұған дейінгі отырыстардан тараған ақпаратты халық дұрыс түсінбей, қоғамда теріс пікір қалыптасқанымен байланыстырды. Бұған келіспеген экс-министр Елжан Біртанов судьяның тәуелсіз және қоғамдық пікірден алшақ болуы қажеттігін айтып, Әлкеновті ауыстыруды талап етті.
Вторник, 12 июля 2022, 19:33
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.