«Қазфосфатты» қаладан құрту керек». Таразда түтінге тұншыққан тұрғындар осылай деп облыс әкімдігіне талап қойды. Зауыттың зардабы туралы тұрғындардың талай мәрте айтқанын апат растады. Саяси элита сапындағы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов басқаратын фосфор зауытындағы апаттан ауаға улы газ тарамаған. Жергілікті атқамінерлер осындай шешім шығарыпты. Бірақ Экология министрлігі зауыттан зиянды түтін бөлінді деп дабыл қақты. Бұл қарама-қайшылықтың артында не жатыр? Данияр Әлімқұл толықтырады.
Вторник, 12 июля 2022, 19:31
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.