Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың бірінші жағдайы анықталды

Маймыл шешегі Ресейге жетті. Бұл әлемді алаңдатып отырған аурудың көрші елден анықталған алғашқы жағдайы. Алайда науқастың өміріне төнген қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Дертке шалдыққан жігіттің Еуропа сапарынан елге оралғанда денесі бөртіп кеткен. Абырой болғанда, азамат дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір науқас оқшауланған. Роспотребнадзордың мәліметінше, науқас инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сейсенбі, 12 Шілде 2022, 19:32

Соңғы шығарылымдар