Қант үшін таласқан ақтаулықтар сауда үйінде дүрбелең туғызды

Ашаршылықтан алыс, жұттан жырақ кезеңде өмір сүрсек те, тамаққа таласатын күн туған секілді. Ақтаудағы сауда үйлерінің бірінде жұрт қант үшін таласып қалды. Келісі 450 теңгеден, әлеуметтік арзан бағада ұсынылған шекерді сөреге шығарғанда, кезекте тұрғандардың тарпа бас салып, төгіп-шашып жатқаны бейнежазбаға түсіп қалған. Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, қантты бір адамға шектеулі мөлшерде беру осындай дүрбелең туғызған.

Сейсенбі, 12 Шілде 2022, 19:47

Соңғы шығарылымдар