«Мен Қазақстан азаматымын». Уимблдон турнирінен жеңіспен оралған отандасымыз Елена Рыбакина өз азаматтығына қатысты сауалға осылай деп жауап берді. Үлкен дулыға турниріндегі тарихи жеңісінен соң, теннисшіге қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелердің айтылғаны белгілі. Елге оралған бетте баспасөз конференциясын өткізген спортшы алдағы жоспарларымен бөлісті. Жеңімпазды әуежайдан күтіп алуға біздің түсірілім тобымыз да барған еді.
Вторник, 12 июля 2022, 19:48
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.