АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 12.07.2022

Шымкенттегі дәмханада жұмыс істеп жүрген 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды. 9-сыныпты енді аяқтаған Ақару Құралбайдың ата-анасына қаралы хабарды тоқ соқты деп жеткізген. Алайда марқұмның жақындары бұған күмәнмен қарап отыр.

Қазақстан коронавируспен қалай күресті? Елімізі биыл алғаш рет Еуропа елдерімен бірге халықаралық зерттеуге қатысып, пандемия кезінде отандық медицинаның қаншалықты нәтиже бергенін анықтады.  Оған сенсек, індет ушыққанда қазақтандықтардың 30 пайызы дәрігерге жүгіне алмай, 28 пайызы дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмаған. Шын мәнінде, солай ма? Халық не дейді? Айя Мүтәлі тарқатады.

Қарағандыда ЖОО оқу ақысы тағы қымбаттады. Студенттердің ата-анасы онсыз да қымбат оқу ақысы үшін тағы 16,5 пайыз артық төлеуге мәжбүр. Білім ордалары мұндай қадамға бару себебін теңгенің құнсыздануымен байланыстырып отыр. Азамат Серікхан оқу ақысының қаншалықты құбылғанын анықтап көрді.

Сейсенбі, 12 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар