Қазақстандағы қант қоры – 29 мың тонна: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Елде 29 мың тонна қант бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі осындай. Ведомство таратқан ақпаратқа сенсек, құмшекер тапшы емес. Мәселен, маусым айында шамамен 38 мың тонна қант өндірілген. Тараз қант зауыты – 18 мың тонна, Көксу зауыты – 9 мың тонна, Меркі қант зауыты – 11 мың тонна шекер шығарған. Шілдеде бұл зауыттар 37 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр. Оған қоса тағы 39 мың тонна қантты көрші елдерден импорттау жоспарда бар.

Сәрсенбі, 13 Шілде 2022, 19:34

Соңғы шығарылымдар