Шымкентте қоқыс өңдеу зауытын бар-жоғы 2 миллион теңгеге сатып жіберген. Зауыттың нақты құны — 460 млн теңге. Аумағы ауқымды зауыт пен замануи құрылғылар, тіпті арнайы техника толық жекенің қолына өтіп кеткен.
2019 жылы аукцион арқылы арзан бағаға сатылған мемлекеттік мекеменің тағдырын прокуратура тексеріп жатыр. Бұдан бөлек, қазір нарықтың 90 пайызын жаулап алған жеке компаниялар қызметін Шымкент қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті бақылауға алды. Шенеуніктердің сөзінше, маңызды саланың жекенің қолына өтіп кетуі ірі монополияға алып келуі мүмкін.
Среда, 13 июля 2022, 19:36
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.