АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 13.07.2022

Үкіметтің азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған жұмысы нәтижесіз. Өңір аралап, халықпен жүздесіп жүрген мәжілісмен Аманжан Жамалов осылай дейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын түсіру үшін кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген несие де тиімсіз деп есептейді. Нарықта баға қандай? Жауапты министрлік не дейді? Айя Мүтәлі тарқатады.

Қарағандыда ЖОО оқу ақысы тағы қымбаттады. Студенттердің ата-анасы онсыз да қымбат оқу ақысы үшін тағы 16,5 пайыз артық төлеуге мәжбүр. Білім ордалары мұндай қадамға бару себебін теңгенің құнсыздануымен байланыстырып отыр. Азамат Серікхан оқу ақысының қаншалықты құбылғанын анықтап көрді.

Жамбыл облысында «Қазгидромет» мемлекеттік қызметкерлері 2021 жылдан бері апатты ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. Шенділер неге мұны қаперіне ілмей келеді? Жаңа орынға қашан көшеді? Данияр Әлімқұл анықтап көрді.

Сәрсенбі, 13 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар