Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрге сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы министрлерді «дағдарыс кезінде нақты шешім қабылдай алмады, ескі әдіспен жұмыс істеуге әбден үйренген» деп сынға алды. Тоқаевтың қай шенеуніктің жұмысына көңілі толмайды? Жиында тағы қандай мәселелер талқыланды? Айя Мүтәлі тарқатады.
Жамбылда тұрмысы төмен балалар тегін тамақтан қағылды. Прокурорлар бүлдіршіндерді тамақтандыруға бөлінген ақшаны жымқырғандарды анықтады. Күдіктілердің сондай-ақ «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгені қалтасына басқаны да әшкере болды. Бұл аймақтағы білім саласына қатысты былықтың бір ұшы ғана. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Абай облысындағы Алакөл жағасында өртенген демалыс үйлерінің иелері кемі бір миллиард теңгеге қарызға батқан. Көл жағасынан кәсіп ашқандар бас көтеріп, қордаланған мәселелерді атқамінерлерге жеткізуді сұрады. Әріптесіміз Айбек Қосан көл жасағындағы кәсіпкерлерді тыңдады.
Четверг, 14 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.