АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 15.07.2022

Президент сынаған «Зерде» холдингі жабылуы мүмкін. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Холдингтің мүлдем қажет еместігін айтып, таратып жіберуді ұсынды. Кеше ғана сөгіс алған министрлер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен сабақ алды ма? Олар жауапкершілік жүгін қаншалықты сезінді? Айя Мүтәлі тарқатады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласы экс-әкімінің қылмысы дәлелденсе, қызметінен өз еркімен кетуге уәде берген еді. Кентаудың бұрынғы әкіміне бірер күн бұрын сот үкімі шығып, экс-шенеунік 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді Шөкеев айтқанын орындап, әкім креслосымен қоштаса ма? Сарапшылар не дейді? Тілшіміз тарқатады.

Елімізде нанның бағасы 250 теңгеге дейін өседі деген ақпарат тарады. Бұл қымбатшылық қамытын киген қоғамның наразылығын әп сәтте тудырды. Астығымыз қамбаға сыймай жатыр деп мақтанғанда кереметпіз, ендеше нан бағасының қымбаттауына не себеп? Әріптесіміз Айбек Қосан бұл сұраққа жауап іздеп көрді.

Жұма, 15 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар