Жыл басынан бері Қазақстаннан 8 миллион доллар ақша шығарылмақ болған

Жымқырылған, жоқ болған, шекара асқан, оффшорлық аймақтарға жөнелтілген ақша аз емес. Соңғы тиынына дейін болмаса да, әйтеуір азды-кем қайтарылып жатқаны да бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүгін таратқан мәліметіне сенсек, жыл басынан бергі 6 айда сыртқа 8 млн доллар шетке шығарылмақ болған. Ол Президент Тоқаевтың «Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы» жарлығы аясында анықталды. Құжатқа сәйкес, 10 мың доллардан асатын қолма-қол түрдегі шетел валютасын, 5 граммнан асатын алтын құймаларын елден шығаруға тыйым салынған болатын.

Дүйсенбі, 18 Шілде 2022, 19:35

Соңғы шығарылымдар