Ақтөбе облысында жанармай стансасы жарылды

Ақтөбе облысының Алға қаласында газ құю стансасы жарылды. Жойқын жарылыс үш адамның өмірін жалмай жаздаған. Жарылыс салдарынан цистерна жанында тұрған арнайы техникалар, жеңіл көлік және станса ғимараты күлге айналды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, түгі қалмай жанып кеткен «Toyota» көлігі сол мезетте газ құйып жатыпты.

Дүйсенбі, 18 Шілде 2022, 19:37

Соңғы шығарылымдар