Заңсыз шекара асқан 230 млрд теңге мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Активтерді қайтару жөніндегі арнайы комиссия күдіктілердің заңсыз шетел асқан дүние-мүлкін елге қайтара бастаған. Айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен аударған. Онымен қоса, «Оператор РОП» компаниясының ісі бойынша 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілген. Бас прокуратураның «қара тізімінде» бұдан өзге де елге белгілі есімдер бар. Тілшіміздің материалында.
Соңғы күндері елде әуе рейстерінің кешігуі себебінен жолаушылар діттеген жеріне уақытында жете алмай жатыр. Бұл Авиация комитетінің әуе компанияларының үстінен тергеу бастауына негіз болды. Компаниялардың бассыздығы дәлелденсе, нендей жауапқа тартылады? Айя Мүтәлі тарқатады.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қатысқан Ақтаудағы турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.
Понедельник, 18 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.