2016 жылы сотталған Сейітқазы және Әсет Матаевтарды Жоғары сот ақтап шықты 

Жоғарғы сот Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты толық ақтап шығып, мемлекет атынан кешірім сұрады. Республикалық ақпараттық агенттіктердің біріне иелік ететін Матаевтарды 2016 жылы елорда соты 6 және 5 жылға соттаған болатын. Оларды бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден бас тартты деп айыптаған.

«Жаңа Қазақстанда әділдік жеңді» деген олар, енді қылмыстық процесті жүргізген органдардан шығынды өндіріп алмақ.

Сейсенбі, 19 Шілде 2022, 19:26

Соңғы шығарылымдар