Ұлттық компаниялардың басшылары бір жылда 3 млрд теңгеге жуық сыйақы алған. «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры осындай деректі бөлісті. Зерттеуге сенсек, ең көп сыйақы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшыларына төленген. Мұнда 9 адамға 1 миллиард теңгеден астам қаржы беріліпті. Ұлттық компаниялар басшылығы сыйақы төлеуге аста-төк қаржы жұмсайтыны рас па? Депутаттар неге наразы? Айя Мүтәлі тарқатады.
Экология министрі киік мәселесін ғалымдарға ысыра салды. Президенттен сөз естіген Серікқали Брекешевтің бір аптада ойлап тапқан амалы осы. Ғалымдардың толыққанды зерттеуінен кейін ақбөкенді азайтуға қатысты нақты шешім қабылданбақ. Тоқаевтан сөгіс алған экология министрінің әр басқан қадамы бұрынғыдан бетер ел назарында. Жарты жылда тиісті нәтиже шығармайтын болса Серікқали Брекешевке де тықыр таянуы мүмкін. Айғаным Достанбай сабақтайды.
«Жел электр станциясы салынғанымен жарыққа жарымай отырмыз». Осылай деген Жаңатас тұрғындары электр энергиясының төлемі қалтамызды қақты деп наразы. Ауданның аумағында «Еврохим» мен «Қазфосфат» секілді ірі компаниялар шоғырланғандықтан шағын шаһарда электр қуатының бағасы арзандайды дегені қайда? Ал шетелдіктерге салғызған жел станциялары неге бағаға байлау болмай отыр. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Вторник, 19 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.