Кәсіпкер Қайрат Құдайберген партиядан шығарылып, депутат мандатынан айырылды

Аты шулы бизнесмен Қайрат Құдайберген енді депутат емес. Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп күдікке ілініп, қамауға алынған меценатты «AMANAT» партиясынан да шығарып тастады. Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қайрат Құдайбергеннің  бұрынғы әріптестері бір ауыздан дауыс беріп, оны депутаттық мандаттан айырды. Жиын барысында тағы 10 депутатты ротациялау туралы шешім қабылданған.

Еске салсақ, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып тағылған Қайрат Құдайберген 3 ай бұрын қамауға алынған еді. Бұған дейін Алматы прокурорлары кәсіпкерді «Дикий Арман» атанған Арман Жұмагелдиевпен бірге қаладағы «Қазақстан» қонақ үйіне адамдарды жинады деп мәлімдеген болатын.

Сәрсенбі, 20 Шілде 2022, 19:29

Соңғы шығарылымдар