Қазақстандық спортшы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль алды. Бұл – еліміз егемендік алғалы жеңіл атлетика саласында қол жеткізген тұңғыш алтын медаль. Нора – Кения тумасы. 2017 жылы Шығыс Қазақстандағы «Алтай Атлетикс» командасының сапына қосылған. Еліміздің атынан өнер көрсетуге рұқсатты биыл алған. Джеруто кедергілерді еңсере отырып, 3 000 метр қашықтықты 8 минут 53 секундта жүгіріп өтті. Осылайша алтын медаль иегері және әлем чемпионатының рекордшысы атанды.
Четверг, 21 июля 2022, 19:34
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.