Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтті. Осыған байланысты қандай шектеулер енгізіледі? Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенованың мәлімдеуінше, ведомствоаралық комиссияның шешіміне сай, ауырған адаммен байланыста болғандар, сондай-ақ, вакцина салдыруға болмайтындар, жүкті әйелдер қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі тиіс. Санитарлық бақылау мамандары қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу керектігін айтады. Көпшілік орындарға, кинотеатрлар мен кинозалдарға, бұқаралық іс-шаралаға маска тағып баруға кеңес береді. Сондай-ақ, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізу ұсынылып отыр.
Четверг, 21 июля 2022, 19:36
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.