АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 21.07.2022

Баға күн сайын ырыққа көнбей барады. Шемішке майы шарықтады, қант қымбаттады. Бүгін ел сүт бағасы 17-20 пайызға өсті деп шулап жатыр. Бізде бағаны реттейтін үш орган бар: Монополияға қарсы агенттік, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі. Бұлар мәселені бір-біріне сілтеумен әлек. Ал мамандар баға жүгенсіз кете беретін болса, әлеуметтік дүмпуге әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда. Мәселені Айғаным Достанбаева зерттеп көрді

Көршілерімізге шекарасын шегендеу ісінде көмектесуге дайынбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен өткен жиында осылай деді. Мемлекет басшысы жиынға қатысқан Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттеріне шекараны шегендеудің тәсілдерін әзірлейтін сарапшылар алаңын құруды ұсынды. Көршілес елдер басшылары тағы қандай келісімге келді? Айя Мүтәлі тарқатады.

Бейсенбі, 21 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар