Ақтөбеде 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккен қарттар әлі де қираған үйде тұрып жатыр

Ақтөбеде жетпістен асқан қос қария қабырғасы сөгіліп, төбесі опырылғалы тұрған үйде тұрып жатыр. Қарттар «баспанамыз бір күні мазарымызға айнала ма» деп қорқады. 2017 жылы Ақтөбені қызыл су басып, жүздеген жер үй, соның ішінде Оралбай Елубайұлының да үйі, су астында қалған еді. Ақсақалдың айтуынша,  сол кезде жергілікті билік алаңдамаңыз, артынан бәрін жөндеп береміз деп уәде беріпті. Содан бері бес жыл өтті, бірақ көмек әлі көрсетілмеген.

Жұма, 22 Шілде 2022, 19:42

Соңғы шығарылымдар