Әкімдер орынбасарларының санын жаппай азайтып жатыр. Мемлекет басшысының жыл басында берген тапсырмасына енді құлақ аса бастағандай. Осыған дейін 6 орынбасары болған Алтай Көлгіновтің өзі екі көмекшісін қысқартты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі де екі орынбасарын жұмыссыз қалдырыпты. Тақырыпты әріптесіміз Айғаным Достанбаева жалғастырады.
Қарағанды өңірінде бір орында тапжылмай 15-20 жыл бойы жұмыс істеген 44 мектеп директоры қызметінен кетті. Бұдан басқа білім беру саласына қарасты мекемелердің тағы 54 басшысы жұмысынан кетті. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің ротациялау туралы шешімінен кейін қолға алынған. Бірақ қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл құжаттың әлі де шикілігі көп. Азамат Серікхан толығырақ баяндайды.
Мектеп формасына қатысты тағы жаңа талап енгізілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жарын барлық мектеп оқушылары бірыңғай қара-көк түсті форма киетінін мәлімдеді. Бұл жаңалықты ата-аналар қалай қабылдады? Жаңа оқу жылына дайындық қалай? Айя Мүтәлі тарқатады.
Пятница, 22 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.