Ел экономикасына қаржы құйғысы келетін шетелдік компаниялардың саны артқан. Биылғы жылдың бірінші тоқсанын алып қарасақ, инвесторлар 6,9 млрд долларды айналымға енгізген. Қай салаларға қаржы көп тартылған? Кен өндіру саласына 3,5 млрд, өңдеу өнеркәсібіне 1,3 млрд, көтерме бөлшек саудасына 908 млн доллар құйылған. Сондай-ақ шетелдік компаниялардың құрылыс саласына да қызығатыны байқалады. Бұл бағытқа 236 млн доллар қаржы құйылыпты.
Понедельник, 25 июля 2022, 19:27
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.