Ақтөбеде 41 жастағы тұрғын найзағай соққысынан аман қалды

Найзағай соққан азамат аман қалды. Оқиға Ақтөбе өңірінде болған. 41 жастағы тұрғын өрістен малын айдап келе жатқанда төбесіне жай түскен. Ажалдан аман қалғанымен, денесінің 15 пайызын күйік шалыпты. Жай оты оның иығын, кеудесін, аяғын күйдіріп жіберіпті. Бүгінде дәрігерлер науқастың жағдайын орташа тұрақты деп отыр.

Понедельник, 25 июля 2022, 19:31

Соңғы шығарылымдар